Еліміздің негізгі көші-қон алмасуы ТМД елдерімен де жүреді
Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы халық саны туралы нақтыланған мәліметтерді ұсынды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылдың қаңтар-қазан айларында Қазақстанға 12 926 адам келсе, елден 21 875 адам кеткен.
Статистика мамандарының айтуынша, еліміздің негізгі көші-қон алмасуы ТМД елдерімен де жүреді.
ТМД елдерінен келгендердің үлесі 85%, ТМД елдеріне кеткендер 84,4% пайызды құрайды. Бұл ретте ел ішінде көшіп-қонушылардың 3,2%-ға артуы байқалады.
Елімізде көші-қон ең көп жүретін қалалар қатарына Алматы (30 388 адам көшкен), Астана (29 086 адам) және Шымкент (2 311 адам) кірді.