Кореяда ем алып жатқан Заңғар отандастарынан көмек сұрайды

Кореяда ем алып жатқан Заңғар отандастарынан көмек сұрайды
Сеулдік дәрігерлер отаға 162 000 АҚШ доллар керек депті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Алла перзентің арқылы сынамасын!» Естеріңізде болса, біз «лейкоз» ауруына шалдыққан 5 жастағы Заңғар есімді бүлдіршіннің жағдайын айтып, бейнематериал дайындаған болатынбыз. Қазір Кореяда ем алып жатқан  Заңғардың әке-шешесі, бауыр еті баласына жабысқан аты жаман аурудан айығуына елден көмек сұраған еді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Дәрігерлер дертіне дауа бар деп отыр. Тек дер кезінде ем алуына қаржы тапшылығы қолбайлау болайын деп тұр. Заңғартайдың туған-туыстары қолдағы барын сатып, қажетті соманың негізгі бөлігін жинап қойған. Қалғанына шамалары келер емес. Сіздің жан жылуыңыз, өзгенің өміріне араша болуға септеседі деп сенеміз.

Сеулдік дәрігерлер отаға 162 000 АҚШ доллары көлемінде қаржы керек депті. Одан бөлек, операцияға дейін және одан кейін қабылдайтын химия және сәуле терапиясы тағы бар. Онсыз да барын сатқан отбасының мұндай қаражатты төлеуге шамасының жетпейтінін айтпаса да, түсінікті. Уақыт аз. Бір ай көлемінде аталған қаржыны жинап үлгермесе, ота жасалмай баланың өмір сүру мүмкіндігі азайа бермек. Қазір дәрігерлер баланың дертінен айығуға 70 пайыз мүмкіндігі барын айтып, кепілдік беріп отыр екен.

«Апасы екеуміз апарып орналастырып келдік. Олардың емдері де, емханалары да жақсы. Бірақ бағасы сәл ауырлау болып тиді. Өзіміздің қолда бар қаражатымызды, қолда бар заттарымызды сатып барғанбыз. Операцияға сұраған қаражаттары бізге ауырлау, өте көп сома болып кетті», – дейді Заңғардың атасы Сейфулла ҚОСПАНОВ.

Заңғардың әр әр күні осындай азаппен өтуде. Бірақ, бұл қиындықты да артта қалдыруға болады. Тек, Корей жеріндегі ем-домына қажетті қаражатты ел болып жинап, дұғада болсақ айы оңынан туары сөзсіз. Қалталы азаматтармен қоса, қарапайым жандардың аударған бес теңгесі де бес жасар баланың  бұл дертті жеңіп шығуына зор көмек болмақ. Балақайдың өзі де  елге құлан-таза айып келуге асық. Үйге қайтқым келеді дейді.

Заңғартай қазір 15 қазанмен бері екінші екінші химия курсын қабылдап жатыр. Операция келесі айда жасалады. Донор өзінің төрт жастағы туған қарындасы - Ботагөз. Яғни бауырының жілік майын алып, салады. Екі баласын құшақтап алыс елге кеткен жас жұбайлар, әуелі Алла, содан кейін  Корей еліндегі мықты мамандардың сәтті ота жасайтынына сенімді. Тек, қу дүниенің жетпей жатқаны, баламның ақтық демін үзіп жібереді ме деп қорқады. Корейлік дәрігерлер операцияны 26 қарашаға жоспарлап отыр екен. Бірақ бәрі химиядан кейінгі анализ нәтижелеріне байланысты болмақ.

«Бірінші химиядан кейін үш аптадан кейін талдамалары қалпына келді. Бір аптаға қалып қойғаннан кейін бізді бір аптаға жылжытып отыр. Сіздерге ел болып көмектесіп жатқандарыңызға рахмет. Жақсы адамдарға мейірімді адамдарға рахмет. Алланың нұры жаусын! Менің сіздерге айтарым тек алғыс», – дейді анасы Гүлназ БАЛҒАЕВА.

Тағы да айта кетейік, операция жасатуға 162 мың, ал химия терапияның әр курсына 12 мың АҚШ доллары қажет екен. Теңізге тамған тамшыдай болса да, Заңғардың өмірін сақтап қалуға үлес қосасыңыздар екен. Заңғардың Қазақстандағы әпкесінің атына ашылған шотқа сіз де садақа есебінде ақша аударып, сауап жинауға асығыңыз.  

Новости партнеров