Таза Қазақстан: Ақтауда заңсыз қоқыс төгілген аймақтар анықталды

20.06.2024 20:50

Теңіз жағасын тазарту үшін 20 миллион теңгеге жуық қаражат бөлінген

Almaty.tv

Ақтауда заңсыз қоқыс төгілген аймақтар анықталып, 25 мың тонна қалдық полигонға шығарылған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Өңірде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жұмыс жалғасып жатыр. Сондай-ақ теңіз жағасын тазарту үшін бюджеттен 20 миллион теңгеге жуық қаражат бөлінген.

Айта кетейік, Маңғыстау облысында республикалық науқан шеңберінде түрлі жаңа жоба іске қосылған.

– Бұл 1-2 күнде жиналған қоқыс емес, кемінде 3-4 жылдық қалдықтар жатыр. Қала аумағында 6 мекенжайды анықтадық. Осының бірі – үшінші өндірістік аймақ. Жұмыстар 2 кезеңге білінеді.  Алғашқы кезеңде арнайы техниканың көмегімен тазалау жұмыстары жүргізілсе, кейін арнайы қызметкерлер тазалайды, – деді  Ақтау қалалық Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Жанболат Жақыпов.

Оқи отырыңыз: Ақтөбедегі өндіріс орнында 5 жұмысшыны күйік шалды