Ақтөбедегі өндіріс орнында 5 жұмысшыны күйік шалды

Almaty.tv
Almaty.tv
Ферроқорытпа зауытында 3,5 мыңға жуық адам жұмыс істейді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақтөбедегі өндіріс орнында 5 жұмысшыны күйік шалды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ферроқорытпа зауытында болған төтенше оқидан зардап шеккендер ауруханаға жеткізілген. Бетін жалын шарпып, екі білегі күйген 42 жастағы азамат ауруханаға жатудан бас тартты. Дәрігерлердің айтуынша, қалған төртеуінің денесі 13 пайызға дейін күйіп қалған. Олар травматология бөлімінде ем қабылдап жатыр. Оқыс оқиға күл тиеу кезінде болған. Зардап шеккендердің екеуі – мердігер мекеме қызметкері. Бұл ретте Төтенше жағдайлар департаменті өрт болмағанын, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатқанын хабарлады.

Айта кетейік, аталған кәсіпорында 3,5 мыңға жуық адам жұмыс істейді.

– Бесеуі келді. Біреуі жарақаты аз болғандықтан, амбулаториялық емге жіберілді. Ал 4 науқас травмотологиялық бөлімшеде жатыр. Қазір жағдайы орташа ауыр, ем қабылдап жатыр. Өміріне қауіп жоқ, – деді  Ақтөбе облыстық көпсалалы аурухананың комбустиолог дәрігері Нұрлан Әбішев.

Оқи отырыңыз: Павлодарда монша кешенінде жарылыс болды

Новости партнеров