Алматыда «Әуезов оқулары» атты конференция өтті

29.09.2021 21:04

Онлайн конференцияға 100-ден астам ғалым қатысты

Алматыда  «Әуезов оқулары» атты республикалық жас ғалымдардың 18-ші ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Мұхтар Әуезовтың шығармашылығына арналған шара біртуар жазушының туғанына 124 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Аталмыш онлайн конференцияға 100-ден астам ғалым қатысыпты. Ұсынылған мақалалар негізінде әуезовтану, драматургия, өнертану бағытында жазылған. 

Конференция қорытындысы бойынша қатысқан ғалымдардың жұмыстары жинақ болып шығарылмақ.