«1-тоқсанда 1 млн 600 мыңнан астам жолаушы ұшқан». Статистика комитетінің дерегі қандай

20.05.2020 20:52

Жолаушылар саны 70 пайызға қысқарған еді

© Photo : Аэропорт Алматы/Елена Сергиенко

Биыл 1-тоқсанда әуе көліктерімен 1 млн 600 мыңнан астам жолаушы ұшқан. Статистика комитетінің дерегі бойынша бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5,2 пайызға жоғары, деп хабарлайды Almaty.tv.

Айта кетейік, наурыз-сәуір айларында Қазақстанда тасымалданған жолаушылар саны 70 пайызға қысқарған еді. Өйткені, 1 сәуірден бастап қазірге дейін 97 халықаралық бағыт бойынша аптасына 440 рейс немесе барлық халықаралық рейстің  99% қысқартылған болатын. Сонымен қатар, тасымалданған жүктер көрсеткіші өткен жылдағы қаңтар-наурыз айларындағы көрсеткіштен 8,3 пайызға төмен. Бұған ел аумағында коронавирус пандемиясының таралуын азайту үшін әуе компаниялары қызметін жүзеге асыруға енгізілген шектеулер басты себеп.