|
20.09.2020 | 15:52
6245

Ақан Бижанов: Ардагерлер Кеңесі көтерген мәселелердің 80%-ы әлдеқашан шешімін тапты

Ақан Бижанов қала күніне орай құттықтау сөз сөйледі

Ақан Бижанов: Ардагерлер Кеңесі көтерген мәселелердің 80%-ы әлдеқашан шешімін тапты

Бүгін Мемлекет және қоғам қайраткері, саяси ғылымдарының докторы, философия, саясаттану және дін институтының директоры, Алматы қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ақан Бижанов «Алматы қаласының Құрметті азаматы» атағын және «Еңбегі үшін» төсбелгісін тапсырған қала тұрғындарын марапаттау рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Баршаңызды бүгінгі қала күнімен шын жүректен құттықтаймын! Алматы  қазақстандықтардың жүрегінде ерекше орын алады. Мен қайда барсам да, қай жерде болсам да, әрдайым  Алматыға оралғым келеді. Алматының өзіндік ерекшелігі, қайталанбас табиғаты бар.  Астананы басқа қалаға  көшірген кезде Алматыға  не боладыдеп ойладық. Бірақ бүгін біз Алматының ел экономикасына елеулі үлес қосып отырғанын көріп отырмыз. Қандай саланы алсақ та, біздің қала әрқашан бірінші орында. Пандемиямен және басқалармен байланысты бүгінгі қиындықтарға қарамастан, алматылықтар мен қала әкімшілігі оларға қарсы тұрды. Осыған байланысты сіздерге көрсеткен құрметіңіз үшін шынайы алғысымды білдіремін», — деді Ақан Бижанов.

Сондай-ақ, Ақан Бижанов Алматы қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы ретінде мегаполис әкімдігімен бірлесіп,  қаланы одан әрі дамыту бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

«Мен Ардагерлер кеңесін басқарып отырғаныма жарты жыл болды. Біз сіздермен  барлық проблемалық мәселелерді талқыладық, кеңестік. Бүгінгі таңда осы сұрақтардың 80%-ы өз шешімін тапты. Бұл үшін Сізге алғыс айтамын. Соңғы жылдары ғылыми сала мемлекеттің үлкен қолдауын сезінуде. Ел Президенті өзінің таяудағы Жолдауында бұл мәселені ерекше атап өтті. Осыған байланысты баршаңызға зор алғысымды білдіремін және тағы да қала күнімен құттықтаймын!» — деп қорытындылады А. Бижанов.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир