Желтоқсан құрбаны Ербол Сыпатаевтың туғанына биыл 60 жыл толды. Айтулы датаға орай бүгін Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінде алаңда қаза болған қаһарманды еске алу мақсатында конференция өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Игі іс-шараға "Желтоқсан" ұйымының басшылары, желтоқсаншылар мен жастар қатысты. Ондағы мақсат – ұлты үшін жанын берген ұлы тұлғаны ұлықтап, өскелең ұрпаққа насихаттау.
Айта кетейік, 1986 жылы Желтоқсан көтерілісі болған кезде Ербол Сыпатаев сол оқу ордасының 2-курс студенті еді.
– Ерболға шағын музей де ашып қойған. Жылда Желтоқсан көтерілісі күрескерлерін осында шақырып, жастармен кездесу өтеді. Бұл университет Ерболдай ұлдың шыққанын мақтан тұтады, – деді «Желтоқсан-86», «Тәуелсіздік қырандары», «Халық қаһармандары» қозғалысының төрайымы Гүлбахрам Жүніс.
Оқи отырыңыз: Журналист, спорт комментаторы Рабат Жәнібеков дүниеден озды