Астанада тұрғын үйдің 26-қабатынан өрт шықты

22.06.2024 20:53

Қызыл жалын әлі сөндірілген жоқ

ТЖМ баспасөз қызметі

Астанада Ханшатыр сауда орталығының маңындағы көпқабатты тұрғын үй өртеніп жатыр, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Астана қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері шақырудың жоғары рангы бойынша Тұран 37/9 мекенжайына шықты.

Құтқарушылар келіп жеткенде тұрғын үй кешенінің 26-қабатында сыртқы жабын өртеніп жатқанын анықтаған.

Қызыл жалын әлі сөндірілген жоқ.

Оқи отырыңыз: Таразда металлургия зауытының трансформаторы өртке оранды