Еліміздегі 3 мыңнан астам жұмыскер жалақысын ала алмай жүр

egemen.kz
egemen.kz
Еңбек инспекторлары республиканың 241 кәсіпорнының қарызын анықтаған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Еліміздегі 73 кәсіпорын 3 мыңнан астам жұмыскердің жалақысын өтемей келеді. Жұмыс берушілердің жалпы берешек соммасы 1 жарым млрд теңгеге жуықтайды. Бұл туралы Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Еңбегінің ақысын ала алмай, әбігерге түскендердің дені - Маңғыстау облысының тұрғындары. Содан кейін Алматы қаласы мен Абай облысында тіркелген. Жыл басынан бері еңбек инспекторлары республиканың 241 кәсіпорнының қарызын анықтапты. Нәтижесінде мекеме басшыларына 241 ұйғарым беріліп, 31 млн теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынған.

«Сот орындаушылары борышкерлердің  мүлкіне тыйым салады. Шетелге шығуын шектейді. 2022 жылы оларға 47 іс жіберілді. Ал осы жылдың екі айында 14 іс берілді», – деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі комитетінің төрағасы Төлеген Оспанқұлов.

Новости партнеров