Жиналған жауын-шашынның орташа мөлшері 449 мм-ге жетті
Қытайда Хэнань провинциясының Чжэнчжоу қаласының орталық аудандарында нөсер жаңбырдың салдарынан 12 адам көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Жергілікті билік 100 мыңға жуық тұрғынды қауіпсіз жерлерге эвакуациялады. 18 шілде сағат 18:00-ден 21 шілде сағат 00:00-ге дейін Чжэнчжоу қаласында жиналған жауын-шашынның орташа мөлшері 449 мм-ге жетті. Чжэнчжоудун теміржол станциясында 160-тан астам пойыз тоқтатылды, салдарынан көптеген жолаушылар қиын жағдайға тап болды.
Осыған дейін хабарланғандай, Қытайдың Чжэнчжоу қаласында нөсер жаңбыр салдарынан көлік қатынасы тоқтап, электр қуатының жұмысы бұзылған. Синоптиктердің болжамынша, Хэнань провинциясында нөсер жаңбыр 21 шілдеге дейін созылады.