Қытайдың орталығындағы қаланы су басты
Су деңгейі қатты көтерілгендіктен, қаладағы жол қозғалысы тежелді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Синьхуа-ҚазАқпарат –Қытайдың Чжэнчжоу қаласында нөсер жаңбыр салдарынан көлік қатынасы тоқтап, электр қуатының жұмысын бұзды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Су деңгейі қатты көтерілгендіктен, қаладағы жол қозғалысы тежелді. 80-нен астам автобус маршруттарының қозғалысы уақытша тоқтатылды, 100-ден астам маршрут қайта бағытталды, метроның жұмысы да тоқтатылды. Чжэнчжоудағы әуежай 260 келетін және ұшатын рейстерді тоқтатса, жергілікті теміржол қызметтері де кейбір пойыздардың қозғалысын тоқтатты немесе кешіктірді. Нөсер салдарынан қаланың бірнеше тұрғын ауданы сусыз және электр жарығынсыз қалды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
08.11.2026 12:50
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
09.11.2026 12:56
8 қарашаға арналған валюта бағамы
08.11.2026 09:00
Қарызды төлей алмасаңыз, берешекті реттеудің қандай жолдары бар
08.11.2026 12:39
Көзі көрмейтін мас жүргізуші тасжолмен 240 шақырым жүріп өткен
08.11.2026 11:33