|
08.12.2021 | 15:55
580

ҚазҰУ-де жемқорлыққа қарсы технологиялар зертханасы ашылды

Университет қызметкерлері мен полиция өкілдері білім саласындағы жемқорлықпен күресудің жаңа жолдарын қарастырды

ҚазҰУ-де жемқорлыққа қарсы технологиялар зертханасы ашылды Almaty.tv

Алматыда халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жемқорлыққа қарсы технологиялар зертханасы ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Жиында университет қызметкерлері мен Полиция департаментінің өкілдері бас қосып, білім саласындағы жемқорлықпен күресудің жаңа жолдарын қарастырды.  

«Саналы ұрпақ жобасының аясында жоғары оқу орындары бірыңғай жемқорлыққа қарсы іс-қимылымен жұмыс істеп отыр. Оның өзі нәтиже береді. Мониторинг өткізуге жеңіл. Себебі онда көптеген шаралар бар», – деді Sanaly Urpaq республикалық жобалық кеңесінің жетекшісі Қайыржан Тоқышев.

Сонымен қатар университетте білім саласындағы жемқорлыққа қарсы күрес жүргізіп, еңбек сіңірген Гүлнар Үсейіноваға арналған ғылыми конференция өтті. Жиында «Адал көмек» жобасының жетекшісі болған профессордың зерттеу жинағы таныстырылып, салтанатты түрде тұсаукесері өтті.

«Жемқорлықпен күресу – егеменді еліміз үшін маңызды қадам. Сондықтан әр азамат бұл іске жауапкершілікпен қарай білуі керек. 30 жыл ішінде мемлекетіміз жемқорлықты тоқтату үшін көптеген жобаларды іске асырды. Соның ішінде Гүлнар Рахымжанқызының еңбегін атап өткен жөн», – деді әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің деканы Дәулет Байділдинов.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир