Алматы полициясы Мемлекеттік рәміздер күнін атап өтті

04.06.2022 20:55

4 маусымда Қазақстанда Мемлекеттік рәміздер күні атап өтіледі

Polisia.kz

Алматы полициясының қызметкерлері Мемлекеттік рәміздер күнін атап өтті, деп хабарлай  Almaty.tv тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

4 маусымда Қазақстанда Мемлекеттік рәміздер күні атап өтіледі. 

1992 жылдың маусым айында тұңғыш рет Тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері бекітілді. 

"Қызметтер мен бөлімшелердің қызметкерлері бұл мерекені таңғы сап түзеуде Әнұранды хормен орындаумен атап өтті. Бұл күн Мемлекеттік рәміздердің туған күні ретінде еліміздің тарихында мәңгі қалады. Қазақстан халқын маңызды мерекемен құттықтаймыз", – деді Алматы қалалық ПД бастығының орынбасары Олжас Мырзабеков.