|
16.08.2024 | 15:56
113

АЭС көмірқышқыл газының шығарындыларын азайтады - сарапшы

Қазақстанда күн, жел, су электр стансалары сынды 148 нысан жұмыс істеп тұр

АЭС көмірқышқыл газының шығарындыларын азайтады - сарапшы Almaty.tv

Жасыл энергия стансаларын құру арқылы көмірқышқыл газының шығарындыларын 70 миллион тоннаға дейін азайтуға болады. Осылай деп пікір білдірген сала мамандары Алматы төрінде бас қосып, жария талқылау өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Олар елімізде АЭС салудың тиімділігіне қатысты ой бөлісіп, оның экологиялық және экономикалық артықшылығына тоқталды. Сондай-ақ бастаманың энергетика саласында Қазақстанның көрші мемлекеттерге тәуелділігін жоюға септігін тигізетінін атап өтті. Себебі былтыр еліміз тұтынылатын энергияның 115 миллиард киловатт сағатының шамамен 2 миллиардын Ресейден сатып алған.

– АЭС – біріншіден, электр энергия қуатын станция. Қазақстанда 70 пайыз станция көмірмен жұмыс істейді. Олар әбден тозған. Қазақстанда жылдан жылға энергия тұтыну көлемі өсіп келеді. Үкіметпен келесі 10 жылдықта 26 гигаватт қуаттылығы бар станцияларды іске қосуды жоспарланып отыр, – деді ҚР Энергетика министрлігі Атом энергетикасы және өнеркәсіп департаменті директорының орынбасары Гүлмира Мұрсалова.

Маман Қазақстанда жасыл энергия құрамына кіретін күн, жел, су электр стансалары сынды 148 нысан жұмыс істеп тұрғанын атап өтті. Алайда олардың үздіксіз қуат өндіре алмайтынына тоқталып, АЭС-тың 24 сағат бойы тұрақты энергия көзімен қамтамасыз ете алатындай артықшылығы барын айтты. Сондай-ақ жиында бастама жүзеге асса, жаһандық жылыну мен климаттың өзгеруінің негізгі себептері жойылып, атмосфераға бөлінетін зиянды қалдықтар мөлшері азаятыны сөз болды. Ал Ұлттық ядролық орталықтың бас директоры Ерлан Батырбеков болса, АЭС Балқаш көліне кері әсері жоғын мәлімдеді.

Еске салайық, бұл тақырыптағы мәселе жалпыұлттық референдум өткізу арқылы шешілмек.

– Былтыр Үлкен ауылында алғашқы қоғамдық талқылау өткізілді. Сол кезде жергілікті халықтың пікірін тыңдадым. Тұрғындар өзгерісті, құрылысты күтіп отыр. Ал егер атом энергетикасы туралы жалпылама айтатын болсақ, жасыл технологияларды әлемдегі ең дамыған мемлекеттер қолданады, – деді Қазақстан азаматтық альянсының президенті Бану Нұрғазиева.

Оқи отырыңыз: Алматыда елдегі АЭС салу мәселесі талқыланды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир