«Біз біргеміз»: Бостандық ауданындағы мұқтаж азаматтарға тегін бетперде таратылды

21.04.2020 в 20:56

Бас партия бастаған игі іске ат салысуға ауданда 20 адам ниет білдерген

Almaty.tv

Бүгін Бостандық ауданындағы мұқтаж азаматтарға тегін медициналық маска таратылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Біз біргеміз» акциясы аясында әр жанға 50 дана бетпердеден берілді. Бас партия бастаған игі іске ат салысуға ауданда 20 адам ниет білдерген. Олардың қатарында, әкімдікте жұмыс істейтін әлеуметтік қызметкерлер мен жастар бар. Сондай-ақ, жеткізуді жылдамдату үшін 10 көлік жұмылдырылды. Аудан әкімдігі Nur Otan партиясы бөліп берген маскаларды таратуды жалғастыра бермек.

«Өздеріңізге белгілі,  «Біз біргеміз» республикалық қорынан Алматы қаласына Елбасының тікелей тапсырмасымен  2 миллион бетперде  Алматы қаласына келген. Соның ішінде Бостандық ауданынан 6 мың отбасы аз қамтылған отбасы, мүмкіндігі шектеулі азаматтар, 1-3 топ мүгедектері сол кісілерге қазір тарату жалғасып жатыр»,  – деді Бостандық ауданы әкімінің орынбасары Маржан БАЛБАЕВА.

Жалпы Бостандық ауданына 300 мыңға жуық бетперде берілген. Бүгінде оның 50 мыңнан астамы халықтың осал топтарының қолына тиді. Мамандар жуық арада барлығын жеткізіп береміз деп отыр. Себебі пандемия кезінде тазалық шараларын қатаң сақтау маңызды.

БЛИЦ

1. Я вам желаю огромное спасибо, за то что вы нам делаете такой помощь, за то что поддерживаете нас, не забываете!

2. Осылай бетперделерді таратып жүргендеріңізге көп-көп рахмет! Меніңше, өте үлкен көмек.