Жансейіт Түймебаевтың ұлына қатысты істе куәгерлер жауап берді

30.05.2023 20:56

Әскери десантты шабуылдаушы бригаданың жауынгері күдікті деп танылған

Almaty.tv

Қаңтар оқиғасында оққа ұшқан Қазақ ұлттық университетінің ректоры Жансейіт Түймебаевтың ұлына қатысты істе куәгерлерден жауап алынды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Дүрбелеңдегі өлімге әскери десантты шабуылдаушы бригаданың жауынгері күдікті деп танылған. Алайда оның адвокаты мен туыстары кінәні айғақтайтын дәлелдің жоғын айтты. Отырыста жауап берген куәгерлер де 33 жастағы азамат біреуді жазым қылды деген ақпаратты растамады. Үш баланың әкесі Серікбол Мұратхан былтыр күзде қамауға алынған. Сот оны үйқамаққа жіберу туралы өтінішті қанағаттандырмады. Күдіктінің туыстары тергеудің әділ болғанын қалайды.

– Отыздан аса куәгер келді. Бәрі 90 пайыз кінәсіз екенін дәлелдеп беріп еді. Артында екі баласы бар, әйелі үшіншісін босанды. Бұл – адам құқығын шектеп, құндылықтан айыру, – деді күдіктінің туысы Жанат Қуанышхан.