Белгілі журналист, тележүргізушісі Бейсен Құранбектің сәулелі-ғұмыры

09.12.2020 18:57

Ол тірі болғанда биыл 9 желтоқсанда 49 жасқа келер еді

almaty.tv

«Алматы» телеарнасының «Сәуле-ғұмыр» бағдарламасы кезекті санын белгілі журналист Бейсен Құранбекке арнады. Бағдарламада қаламдас достары, үзеңгілес әріптестері мен шәкірттері дара жұлдыз туралы естеліктерін бөлісті. Ол тірі болғанда биыл 9 желтоқсанда 49 жасқа келер еді. Еңбек жолын респуликалық газетте бастаған ол әр жылдары телеарналарда редактор, тележүргізуші болып қызмет етті. Өмірінің соңғы күндерінде «Жетісу» телеарнасын басқарды. 

«Тау алыстаған сайын биіктей түседі» деп Мұхтар Әуезов ағамыз айтқан ғой. Сол айтқандай, Бейсеннің образы әлі де ашыла түседі. Оның танымалдылығы, оның сүйкімділігі оның ішкі бейнесінде. Бағдарлама арқылы ол ашыла түсті», – деді «Qazaqstan» РТРК АҚ Алматы қаласы филиалының директоры Сәуле Жиреншина.

«Өте сәтті түсірілім болды, жүрек толқыды, шалқыды. Бейсеннің өзінің өмірі де жазықтықтан тұрған жоқ. Әртүрлі теріскейі бар. Соның бәрі ашып көрсетілді. Бағдарламаны түсірген азаматтарға, Алматы арнасының басшылығына айрықша алғысымды білдіргім келеді», – деді «Ана тілі» газетінің бас редакторы Жанарбек Әшімжан.