|
10.01.2020 | 15:56
2391

Тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін айыппұл салу тоқтатылды

Әйелдердің құқығын қорғап жүрген мемлекеттік емес ұйым өкілдері оған қарсы

Тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін айыппұл салу тоқтатылды

Биыл әкімшілік кодекске осындай өзгертулер енгізіледі. Десе де, әйелдердің құқығын қорғап жүрген мемлекеттік емес ұйым өкілдері оған қарсы. Өйткені, бұл өзгерту отбасындағы жанжалды көбейтіп, соққыға жығылған келіншектердің санын арттыратындығын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Қазақстанда бірнеше күннен кейін әкімшілік кодекске өзгертулер енгізіледі. Оған сүйенсек, бұдан былай отбасында күш көрсеткендер мен денсаулыққа қасақана жеңіл жарақат салғандарға айыппұл салынбайтын болады. Ал тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары өзгертулер енгізілер алдында пікірлері ескерілмегеніне қапалы. Олар өзімізді қорғау үшін біраз ұсынысымыз бар деп отыр.

«Бүгінгі таңда айыппұл төлеуді алып тастады. Себебі, ол ортақ отбасылық бюджеттен төленеді. Алайда әкімшілік заңға енгізілген өзгертулер әйелдердің пайдасына емес жасалған. Себебі, отбасында тұрмыстық зорлық-зомбылық орын алса, біріншіден тек ескерту беріледі. Бұл ешқандай да сабақ бола алмайды. Жай ғана ескерту беріліп, тек ғана түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Осы тұста өзгерту тоқтау сала ала ма деген сұрақ туындайды»,-деді Қазақстандағы дағдарыстық орталық одағының төрайымы Зульфия БАЙСАКОВА.    

Ал жаңа әкімшілік заңда мәселені соққымен шешетін ер азаматтарға біріншіде тек ескерту жасалады. Ал жағдай екінші мәрте қайталанса ғана қамауға алынады екен. Зульфия Байсақованың сөзінше, отбасында әйеліне жұдырық жұмсап, таяқтың астына алатын еркектерді қылмыстық жауапкершілікке тарту керек. Бұл үшін әкімшілік емес, қылмыстық кодексті қайта қарауды ұсынады.

«Өкініштісі,елімізде ондай азаматтарға әкімшілік жаза қолданылады. Менің ойымша, кодексте жазаның альтернативті түрлері де болуы керек. Оларды қоғамдық жұмысқа тартып, агрессияны төмендету үшін курстарға міндетті түрде баруды ұсынамыз. Себебі, біз ашулы еркектерді жазалаймыз. Бірақ ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасын өзгертпейміз. Дұрыс диалог құруды, мінезін түзеуге тырысамыз», - деді Қазақстандағы дағдарыстық орталық одағының төрайымы Зульфия БАЙСАКОВА.    

Ксения Антонова дағдарыс орталығында 2 баласымен 2 айдан бері тұрып жатыр. Келіншек өзі сүйіп қосылған жары жұдырық жұмсайды деп мүлде ойламаған. Ксения екінші сәбиін қолына алған соң күйеуінің жаман әдеті шықты дейді.

Мұндай әйелін қадірлемейтін еркектерден бірден кету керек. Олардың кемсітуін, қол жұмсауын, балағатттауын тыңдап жүру мүмкін болмай кетеді екен. Шыдамның да шегі болады. Өткенді ұмытып, жаңа өмір бастағым келеді.

Әкімшілік кодекске өзгерту 11-ші қаңтар күні күшіне енбек. Десе де, мемлекеттік емес ұйым өкілдері алдын ала байбалам салмай, заңдағы өзгерістерді жақсылап оқып алуға кеңес береді.

Жадыра Омаржан, Анастасия Яцун, Мейрам Исабеков, «Алматы» телеарнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир