Ақтөбелік тәртіп сақшылары темір жол вокзалындағы көпірден өзіне қол жұмсамақ болған аруды құтқарып қалды. Бұл туралы ІІМ көліктік полиция департаменті мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ.
Ақтөбедегі вокзал перронының маңында тексеріс жұмыстарын жүргізген полицейлер Шыңғыс Қамарбеков пен Жансерік Шаутенов көпірден секірмек болған қызды көріп қалған. Ол өмірмен қош айтыспақ болыпты.
Оқиға орнына келіп жеткен тәртіп сақшылары санаулы минуттарда-ақ бойжеткенді құтқарып қалды. Полиция қызметкерлірінің мәлімдеуінше, арудың психологиялық жағдайы аса ауыр болған.
«Полицейлердің кәсібилігінің арқасында 1997 жылғы қыз құтқарылды. Бойжеткенге уақытылы тиісті психологиялық көмек көрсетілді», – деді департамент өкілдері.
Бойжеткеннің өмірін құтқарып қалған тәртіп сақшыларға арнайы марапатқа ұсынылмақ.