|
11.08.2020 | 22:57
6159

Алматыда халықтың тыныштығын бұзған 215 мотоцикл жүргізушісі жазаланды

50-ге жуық мотокөлік айыппұл тұрағына жеткізілді

Алматыда халықтың тыныштығын бұзған 215 мотоцикл жүргізушісі жазаланды Almaty.tv

Түнгі уақытта халықтың тыныштығын бұзған 300-ге жуық мотоцикл жүргізушісіне әкімшілік хаттама толтырылды. 50-ге жуық мотокөлік айыппұл тұрағына жеткізілді. Одан бөлек, 215 жеңіл темір тұлпарды басқарғандар көліктерін заңсыз жабдықтап алғаны үшін жазаланды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл бар болғаны соңғы бір апта ішінде анықталған заң бұзушылықтар. Жүрісі қатты мотокциклді тақымдағандар әсіресе түнде қала көшелеріне шығады дейді тәртіп сақшылары. Нәтижесінде, полицейлер күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшкен. Өйткені шу дүйім елдің наразылығын тудырады деп қалалық полиция департаменті мәлімдеді.

Айта кетейік, әсіресе магистральді көшелерге жақын тұрған халықтан жиі шағым түседі екен. Одан бөлек, дыбыс ұлғайтқышын белгіленген нормадан күшейтіп, жеңіл көлікті жабдықтап алатындарға да әкімшілік жаза қарастырылған. Алматыда түнгі рейдке полицейлермен қатар қоғам белсенділері, блогерлер де қатысып жүр. Мұндай шара ары қарай да жалғаса бермек.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир