|
18.08.2020 | 17:47
7149

Жыл сайын ұлғайып келеміз – индустриялды аймақ аумағында 20-ға жуық өнім түрін шығаратын алматылық компания

Карантин кезінде қызметкерлеріміздің 70%-ы үйінде болды

Жыл сайын ұлғайып келеміз – индустриялды аймақ аумағында 20-ға жуық өнім түрін шығаратын алматылық компания @almaty_akimat

Өңірлік коммуникациялар қызметінің Алматының Индустриалды аймағында ұйымдастырған баспасөз туры барысында, «ЭНКО» ЖШС жылу, сумен жабдықтау жабдықтарын өндіру зауытының өндірістік бөлімінің басшысы Михаил Свирь кәсіпорынның жұмысы туралы айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазақстандық компания «ЭНКО» ЖШС жылу және сумен қамтамасыз етуге арналған жабдықтарды өндіруге және жеткізуге мамандандырылған. Кәсіпорын карантин кезеңінде жұмысын жалғастырды. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша, мегаполисте қала маңын орталық сумен қамтамасыз ету үшін кешенді жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өткен жөн. Бірнеше ықшамаудандарда су құбыры және кәріз желілерінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

«Карантин кезінде қызметкерлеріміздің 70%-ы үйінде болды. Олардың барлығы мемлекеттен 42 500 тг көлемінде төлемақы алды. Өндірістегі жұмысшы санын қоса есептегенде, базадағы жұмысшылар саны-75 адам. Қызмет көрсету бөлімі бар. Өндірісте 40 адам бар. Өндірісті ұлғайту жоспарлануда, яғни қазір адамдарды жұмысқа қабылдау үшін жұмыс жүргізіп жатырмыз», – деді Михаил Свирь.

Компанияның өз өндірісі бар және 20-ға жуық өнім түрін шығарады. Олардың ішінде блокты жылу пункттері, сорғытатын станциялары, жылу алмастырғыштар, басқару шкафтары, коллекторлық тарату тораптары, балшықтар және суды жылыту қондырғылары бар.

«Біздің шығаратын өнім көлемі әртүрлі, өйткені біз тек бір ғана өнімді өндірмейміз. Бізде олардың 20-ға жуық түрі бар. Бірақ жыл сайын ұлғаюдамыз. Карантин кезінде өндіріс 50%-ға төмендеді. Бірақ бұл бір айға созылды. Мамыр айында 100% жұмысқа шықтық», – деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, индустриялық аймақ – жеке кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсету мақсатында құрылған және бірінші кезекте Алматы қаласында өнеркәсіптің басым салаларын – машина жасау, тамақ, жеңіл, фармацевтика, химия өнеркәсібі мен құрылыс материалдарын өндіруді дамытуға арналған. Бұл ретте өнеркәсіптік кәсіпорындарды қаланың тұрғын аудандарынан көшіруге, технологиялық, инновациялық өнімдер шығаруға, импортты алмастыруға бағытталған инвестициялық жобаларға басымдық беріледі.

Индустриалды аймақтың кәсіпорындар үшін тартымдылығы бірнеше факторларға байланысты:

- Инженерлік инфрақұрылымның дайындығы: электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау және кәріз объектілері, автомобиль байланыс жолдары және теміржол кірме жолдары, транспорттық-логистикалық орталық қазірдің өзінде аумақта бар.

- Орналасқан жері, индустриалды аймақ Алматы қаласында орналасқан. Бұл ҚР-дағы ең ірі еңбек нарығы мен өнеркәсіптің кез келген саласы үшін білікті мамандарды табуға мүмкіндік береді.

- Қаланың кез келген жеріне көлікпен тез жету қызметі іске асырылды.

- Елдің және шетелдің кез келген бөлігіне логистикаға қолжетімділікті қамтамасыз ететін жеке теміржол станциясы бар.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир