Алматы әкімі базарлар маңындағы блок-бекет жұмысымен танысты

instagram.com/sagintayev.b/
instagram.com/sagintayev.b/
Бақытжан Сағынтаев қалаға айналма жол арқылы кіріп-шығуға тырысқандардың әрекеті заңсыз екенін айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласының әкім Бақытжан Сағынтаев «Барлық» және «Алтын Орда» базарлары жанында орналасқан Райымбек даңғылы бойындағы блок-бекеттің жұмысымен танысты. Бұл туралы әкім Instagram желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды  Almaty.tv тілшісі.

«22 наурыздың түнінен бастап қалаға кіру мен шығу толығымен шектеледі. Кезекшіліктегі барлық қызметтер, соның ішінде әскери қызметкерлер, дәрігерлер, санэпидемиологтар мен полицейлер барлық қажеттіліктермен жабдықталған. Ауру белгілері бар адамдарды анықтайтын мобильді оқшаулағыш орнатылды», – деді Бақытжан Сағынтаев.

Қазіргі уақытта халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатқанына, қалаға айналма жол арқылы кіріп-шығуға тырысқандардың әрекеті заңсыз екеніне тоқталған Алматы әкімі азаматтарды қауіпті инфекцияның таралуына жол бермеуге шақырды.

«Осыған байланысты полицияға қаланың барлық периметрі бойынша бақылауды күшейту тапсырылды», – деді Алматы әкімі.

Сонымен қатар, азық-түлікті блок-бекет арқылы жеткізу мәселесі тұрақталып, жүк көліктері кіруі үшін «жасыл дәліз» ұйымдастырылғанын айта кету керек.

Бақытжан Сағынтаев Тұрақтандыру қорын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен қамтамсыз ету үшін қала бюджетінен қосымша 5 млрд теңге бөлінгенін, алдағы уақытта тапшылық болмайтынын атап өтті.

«Сондай-ақ, Елбасы тапсырмасы бойынша «Жаңа Алатау» қоры арқылы мұқтаж жандарға көмек көрсетіліп жатыр. Көмекке мұқтадж жандарды қолдаудың өзге де шаралары қабылдануда. Оның ішінде, коммуналдық төлемдерді уақытылы төлемегендерге айыппұлдар мен өсімақылардың салынбайтынын атап өткен жөн», - деді Б.Сағынтаев.  

Новости партнеров