|
13.06.2021 | 15:58
1275

Маңғыстауда құлдықта болған 8 адам босатылды

Қоғам белсенділері құлдыққа қатысты жағдай жаңа заң қабылданғаннан кейін өзгереді деп отыр

Маңғыстауда құлдықта болған 8 адам босатылды gefter.ru

Жарты жылдан аз уақыт ішінде Маңғыстау облысында құлдықтан Өзбекстан мен Тәжікстанның сегіз азаматы босатылды. Бұл республикалардың азаматтары құлдыққа жиі түседі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Baq.kz-ге сілтеме жасап.

Әдетте құлдыққа түскен адамдар құрылыс жұмыстарына немесе жеке шаруашылықтардағы жұмыстарға жегіледі.

Қоғам белсенділері құлдыққа қатысты жағдай жаңа заң қабылданғаннан кейін өзгереді деп отыр.

«Мен қол қойылған жарлықта белгіленген барлық бағыттағы жоспар азаматтық қоғам, құқық қорғаушылар, саясаттанушылар айтып жүрген талаптарға сәйкес келеді деп үміттенемін. Сөйтіп, Қазақстан адам құқықтарын қорғау саласында одан да жоғары сатыға көтеріледі», – деді «Мейірім» қоғамдық ұйымының директоры Александр Муха.



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир