Алматының Медеу ауданында халық санағына дайындық жоспар бойынша жүргізіліп жатыр

Алматының Медеу ауданында халық санағына дайындық жоспар бойынша жүргізіліп жатыр
Үйлердің тізімі дайындалып, санақты өткізудің жоспары жасалды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда халық санағының басталуына бір айдан астам уақыт қалды. Алматының  Медеу ауданында дайындық жұмыстары қалай жүріп жатқаны туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында аудан әкімі Әсет Масабаев айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Халық санағына дайындық жоспар бойынша жүргізілуде. Ауданда санақтың бірінші кезеңін өткізу үшін бес уәкілетті учаске құрылды. Санақ қызметкерлерімен еңбек шарттары іріктеліп, жасалды. Барлығы студент жастардан, сондай-ақ жұмыс тәжірибесі бар нұсқаушылардан 86 адам қатысады. Олардың барлығы оқудан өтті», – деді аудан әкімі.

Үйлердің тізімі дайындалып, санақты өткізудің жоспары жасалды. Көшелердің атауы мен үйлердің нөмірлері көрсетілген 6 мыңнан астам аншлаг орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Еске салсақ, алдағы халық санағы цифрлық технологияларды қолдану арқылы өтеді, бұл өте ыңғайлы. Басты жаңалық халықтың санақ парақтарын электрондық нысанда өз бетінше толтыру мүмкіндігі болады. Жалпыұлттық санақ 1 қыркүйектен 30 қазанға дейін өтеді.

Новости партнеров