|
23.01.2020 | 19:14
4945

Рахман Алшановтың кітабы жарық көрді

Автор өз еңбегінде жер бетінде 22 000 жыл бұрын болған метеориттік шабуылдар жайында жазған

Рахман Алшановтың кітабы жарық көрді Almaty.tv

«Жиырма мыңжылдықтың құпиясы: ізденістер мен ашылымдар». Бүгін осындай атпен Тұран университетінің ректоры Рахман Алшановтың кітабының тұсауы кесілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

Автор өз еңбегінде жер бетінде 22 000 жыл бұрын болған метеориттік шабуылдар жайында жазған. Сондай-ақ, онда әлемнің көптеген елдерінің ғалымдары мен мамандарының зерттеулерінің нәтижелері де жазылып, катакализм туралы аңыздар мен мифтер жан-жақты талқыланып басылған. Автордың сөзінше, сол кеңедегі табиғи апаттар Қазақстанды да айналып өтпеген.    

«Біздің елімізде, әсіресе Арал теңізі бойында ірі оқиғалар болған екен. Кезінде Сібірден су тасып, Торғай арқылы қазақтың жерін 1 миллион текше метр су басқан екен. Нағыз топан су. Өткенде орыстардың «Ұлы топан су қазақтың жерінде болған» деп айтқаны бар. Осындай тақырыптар толық ашылмай жатыр», – деді автор Рахман АЛШАНОВ.

Bólisý


Жаңалықтарды қалт жібермеңіз!