|
15.11.2023 | 20:38
3892

Қазақстанда әскери резерв қызметі пайда болады

ҚР Қорғаныс министрі мәжіліс депутаттарына жобаны таныстырды

Қазақстанда әскери резерв қызметі пайда болады Кадр из видео Almaty.tv

Қазақстанда әскери қызметтің жаңа түрі пайда болады, деп хабарлайды Аlmaty.tv. 

Бүгін Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Мәжіліс депутаттарына запастағы ерікті қызмет түрін таныстырды. Заң жобасында 2025 жылы 2 мыңға жуық резервті шақыру көзделген. Ал, оларды азық-түлікпен, киіммен, жалақымен қамтамасыз етуге 3 жарым миллиард теңге бөлу жоспарланған.

Запастағы әскеримен 3 жылға ерікті келісімшарт жасалады. Даярлық бір жылда екі ай болады. Яғни жиын 30 күн, сабақ ай сайын 2-3 күннен өтеді.

– Жаңа қызметке қажетті қаржы республикалық бюджет есебінен бөлінеді. Осы санаттағы адамдарға ай сайын ең төмен жалақы, жиын кезінде орташа жалақы төлеу жоспарлануда. Әскери резервтегі адам қызмет еткен кезде жұмыс орны сақталады, - дейді ҚР Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов.

Ерікті түрде запастағы әскери маман атану үшін денсаулықта ақау болмауы тиіс. Сонымен қатар офицер 60 жасқа дейін, сержант пен сарбаз 50 жасқа дейін қабылданады. Министрдің айтуынша запастағы қызмет туралы заң АҚШ, Ұлыбританияда, Францияда, Италияда және көршілес Ресейде, Беларусьте, Украинада бар.

– Мұндай әскери қызмет түрі Қазақстан үшін маңызды екенін түсінуіміз керек. Бұл қызметті енгізу арқылы бейбіт уақытта әскер санын арттырмай, қойылған міндетті орындауға дайын азаматтар санын даярлауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар резервке алынған азаматтардың табысы да артады, - деді ҚР Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир