ҚР СІМ коронавирус мәселелері бойынша жедел желі ашты

      ҚР СІМ коронавирус мәселелері бойынша жедел желі ашты
Біздің азаматтар үшін Қазақстанның Пекиндегі Елшілігінде +86 10 65324189 телефоны бойынша тәулік бойы жедел желі ашылды.
Жаңалықтармен бөлісіңіз

ҚР СІМ-де коронавирус мәселелері бойынша жедел желі ашылды, деп хабарлайды Stan.kz

«ҚР Сыртқы істер министрлігінде ҚХР-дағы коронавирус мәселелері бойынша жедел желілер ашылғанын хабарлаймыз. Жұмыс уақытында Қазақстан азаматтары келесі нөмірлер бойынша хабарласа алады: +7 (7172) 72-05-49, +7 (7172) 72-01-98, +7 (7172) 72-04-93. Жұмыстан тыс уақытта және демалыс күндері +7 (7172) 72-01-11 нөмірі бойынша хабарласуға болады», - делінген ресми хабарламада. 

Сонымен қатар, ҚХР-дың кейбір қалаларында карантиннің енгізілуіне байланысты Қытай аумағындағы біздің азаматтар үшін Қазақстанның Пекиндегі Елшілігінде +86 10 65324189 телефоны бойынша тәулік бойы жедел желі ашылды.

Бұған дейін Қазақстанда коронавирусқа қатысты тәулік бойы жұмыс істейтін байланыс-орталығы іске қосылғаны жайлы айтылған еді.

Новости партнеров