Президенттікке үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық қоғамдық штабы өздерінің бір апталық үгіт-насихат жұмыстарын қорытындылады. Алғашқы бес күн ішінде олар мыңдаған шақырым жол жүріп, Қарағанды, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Партия өкілдері 12 қала мен оннан аса елді мекендерді аралап, жалпы 32 ауқымды іс-шара өткізген. Оған 14 мыңнан аса сайлаушы қатысты. Шахтерлар мен металлургтар, шаруалар мен фермерлер, кәсіпкерлер, жастар, мұғалімдер мен дәрігерлер кандидаттың сайлауалды бағдарламасымен толық танысты.
«Қасым-Жомарт Кемелұлы білім саласына ерекше көңіл бөлінетінін айтты. Бұл өз кезегінде жаңа бағдарлама қабылданып, дәрігерлер мен ұстаздардың мәртебесінің көтерілуыне ықпал етеді. Сондай-ақ елімізде әсіресе мемлекеттік-әлеуметтік салаға ерекше көңіл бөлінеді. Бұл мақсатта бюджеттен бөлінетін ақшаның көлемі 46-48 пайызға жетті. Елбасының «Нұр Отан» партиясының сьезінде айтқан осы әлеуметтік бастамасы жалғасын табылады деді Қасым-жомарт Тоқаев өз бағдарламасында», – деді. ҚР Президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық қоғамдық штабының мүшесі Бақытжан ЖҰМАҒҰЛОВ.
Президенттікке үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасында әлеуметтік саланың дамуына басымдық берілген. Нақтырақ айтсақ, аз қамтылған және көпбалалы отбасылар үшін 40 мыңнан аса жалдамалы пәтер салынатыны айтылған. Құрылысы біткен соң баспаналардың әлеуметтік аз қамтылған жанұяларға берілуі де қатаң бақылауға алынбақшы. Бұдан өзге де әлеуметтік бағыттар назарда болады.