16 желтоқсанда елімізде ХҚКО-лар жұмыс істей ме

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Жұмыс күндері ХҚКО-лар сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін қызмет көрсетеді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

16 желтоқсанда ХҚКО-лар жұмыс істемейді. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

«Мемлекеттік корпорация Тәуелсіздік күніне байланысты 2025 жылдың 16 желтоқсанында, яғни сейсенбі күні Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істемейтінін хабарлайды», - делінген корпорация хабарламасында.

Айта кетейік, жұмыс күндері ХҚКО-лар, сондай-ақ мамандандырылған орталықтар, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін қызмет көрсетеді.

Кезекші ХҚКО-лар жұмыс күндері 09:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі күні 09:00-ден 13:00-ге дейін қызмет көрсетеді. Сонымен қатар, кезекші мамандандырылған ХҚКО-ларда өтініштерді қабылдау жұмыс күндері 09:00-ден 18:00-ге дейін жүргізіледі, ал дайын құжаттар 20:00-ге дейін беріледі. Ал сенбі күні өтініштер 09:00-ден 12:00-ге дейін қабылданып, дайын құжаттарды 13:00-ге дейін алуға болады.

Оқи отырыңыз: «Қазығұрт» және «Темір баба» жаңа жоғары технологиялық өткізу пункттері ашылды

Новости партнеров