ХҚО-ға келгісі келетіндер egov.kz порталындағы арнайы сервис, eGovKzBot2.0 телеграм-боты және 1414 нөмірі арқылы броньдай алады
Коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастар санының өсуіне байланысты вирустың одан әрі таралуына жол бермеу мақсатында қаланың санитарлық дәрігері Ж.Пралиеваның қаулысымен елордалық ХҚО-лар 27 маусым күні өз жұмысын уақытша тоқтатады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі zakon.kz-ке сілтеме жасап.
«Аталған күнге жасалған бронь жарамсыз болып табылады. Кезекті басқа күнге қайта брондау керектігін ескертеміз», – дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ Астана қаласы бойынша Филиалы.
Қызмет алушылар ХҚО-ға келуін egov.kz порталындағы арнайы сервис, eGovKzBot2.0 телеграм-боты және 1414 нөмірі арқылы брондай алады.
«Нұр-Сұлтан қаласындағы ХҚО-лар қызмет алушыларды 23 маусымнан бастап 09.00-ден 17.00-ге дейін қабылдап жатқанын еске сала кетейік», – деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ Астана қаласы бойынша Филиалы.