Алматыда «Бала дауысы» ұлттық ән байқауының финалына дайындық басталды

almaty.tv
almaty.tv
Қазақстанның 17 облысынан жиналған 20 бала ақтық сын үшін қызу дайындыққа кіріскен
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда «Бала дауысы» ұлттық ән байқауының финалына дайындық басталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бесінші маусымның ақтық сынына өткен әнші балапандар үшін арнайы «Жұлдызды үй»  құрылды. Қазақстанның 17 облысынан жиналған 20 бала ақтық сын үшін қызу дайындыққа кіріскен. 15 қазанға дейін жалғасатын даярлық жұмыстарына продюсерлер, хореографтар, концерттік костюмдердің дизайнерлері, вокал жетекшілері тартылған. Вокалдан бөлек жаттығулар кестесіне хореография және актерлік шеберлік сабағы да кіреді.

«Бала дауысына қатысу менің кішкентай кезімнен бері арманым болды. «Бала дауысы» басталғаннан бері, сол кезден бастап мен бала дауысын біле бастадым және де мен өткенімді білген кезде үйді басыма көтердім», – деді «Бала дауысы» ұлттық ән байқауының қатысушысы Айдар Аққұлов.

Карантин кезіне тұспа-тұс келген ұлттық байқау биыл онлайн өтеді. Екі күн бойы қатысушылар ақтық мәреде Әли Оқапов, Данияр Өтеген, Ерден Жақсыбеков, Әділжан Омаров, Бейбіт Құшқалиев сынды эстрада әншілерімен ән шырқайды. Ал, үздіктердің үздігіне «Шабыт» ұлттық өнер академиясына грант тағайындалған.

«Байқауымыздың жүлдегерін Париж қаласындағы Disneyland-қа саяхаттық жолдама ұсынады және де Шабыт өнер академиясына оқуға грант иегері атануға мүмкіндік береміз және басқа балаларға өзіміздің кішігірім сыйлықтарымыз бар», – деді «Бала дауысы» ұлттық ән байқауының ұйымдастырушысы Толғанай Қасен.

Новости партнеров