|
10.05.2024 | 16:00
182

Қостанайда коммуналдық төлем мөлшері 1,5 миллиард теңгеден асқан

Төлем жасамағандарға тиісті шара қабылданбақ

Қостанайда коммуналдық төлем мөлшері 1,5 миллиард теңгеден асқан Almaty.tv

Қостанайда жылу мен ыстық суға төленбеген қарыз сомасы 1,5 миллиард теңгеден асқан. Бұл туралы қаладағы жылу-электр желісін келесі жылға даярлау бойынша өткен әкімдік кеңесінде айтылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мамандардың айтуынша, биылғы қарыз мөлшері былтырғымен салыстырғанда 26 пайызға артық. Жылу-электр компаниясының өкілдері коммуналдық төлем жасамағандарға тиісті шара қабылданатынын жеткізді.

– Халық жылу-электр орталығына 843 миллион теңге қарыз. Ал өткен жылы бұл сома 500 миллионға да жетпеген. Коммуналдық төлем жасалуы тиіс. Қазір 1,5 миллиард теңгеден аса қарыз бар. Бұл қаражат желідегі ақауларды реттеуге, жұмысшылардың айлығын көтеруге қажет, – деді Қостанай қаласының әкімі Марат Жүндібаев.

Оқи отырыңыз: Елімізде 7 мың шақырым жылу желісі ауыстырылуы керек - министр 

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир