Жыл соңына дейін Алматыда 34 лифт пен 38 көтергіш құрылғы жөнделеді

Zakon.kz
Zakon.kz
Алматыда инклюзивті қалалық орта қалыптастыру жұмысы белсенді жүргізілуде
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда инклюзивті қалалық ортаны қалыптастыру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың ерекше қажеттіліктері жаңадан жерасты және жер үсті өткелдерін жобалау кезінде ескеріледі, сондай-ақ  бұрыннан бар өткелдер лифтер мен көтергіш платформаларлармен жабдықталады. Бұл туралы жұмыс сапары барысында Алматы әкімі аппаратының басшысы Бейбіт Шаханов мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Мәселен, қазіргі уақытта лифт Рысқұлов даңғылы - Доспанов көшесінің қиылысындағы жер үсті өткеліне лифт орнатылуда. Мұнда күрделі жөндеу аяқталды, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін ыңғайлы жағдай жасауға ерекше мән берілуде.

Алматыда барлығы 74 жерүсті және 56 жерасты жаяу жүргіншілер өткелінде 87 лифт және 93 көтергіш платформа жұмыс істейді. Ағымдағы жылдың соңына дейін 34 лифт пен 38 көтергіш жөнделеді, келесі жылға тағы 2 бірлік жоспарланған. Қалада 84 көтергіш құрылғы жарамды және штаттық режимде жұмыс істейді.

Оқи отырыңыз: 50 жастан асқан қазақстандықтар жұмысқа орналасу үшін жаңа дағдыларды тегін үйренеді

Новости партнеров