Мереке құрметіне мегаполистің дамуына қосқан үлесі үшін қала тұрғындарына «Алматы қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді
Бүгін Алматыда қыркүйектің үшінші жексенбісінде атап өтілетін қала күніне орай, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Әбдірұлы, қаланың құрметті тұрғындарына ерекшелік белгілерін табыс етті. Мереке құрметіне мегаполистің дамуына қосқан үлесі үшін қала тұрғындарына «Алматы қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Марапаттау рәсімі барысында педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, Халықаралық педагогикалық білім беру ғылым академиясының (ХКХК) академигі, 2002-2003 жылдары Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі болған Шәмша Беркімбаева «Алматы қаласының Құрметті азаматы» атағын алып, алғыс сөз сөйлеп, барлығын қала күнімен құттықтады.
«Бүгін өте ерекше күн. Мен өз ризашылығымды білдіргім келеді. Сондай қуанышты сәт. Алматы-біздің тарихымызда ерекше орны бар және әркімнің жүрегінде айырықша орын алатын ерекше қала. Алматы өзінің бейнесімен, келбетімен, тарихымен әлемге әйгілі. Елбасы Алматының Қазақстан тәуелсіздігінің алтын бесігі екенін бекер айтпаған. Алматының ерекше жылнамасы бар. Оны қаншама көрнекті тұлға құрды, олардың жұмысы орасан зор. Бұл біздің жұмысымыздың өркендеуіне үлес қосқан адамдар. Көріп отырғанымыздай, қазір мұражайлар ашылуда, жұмыс істеп тұрғандар одан әрі кеңеюде. Алматының қалыптасуы мен дамуына үлес қосқан адамдардың есімдері сақталып, олар туралы жастар мен болашақ ұрпақ білуі керек деп еаептеймін. Мен сіздерге тағы да алғысымды білдіргім келеді. Осындай жақсы кездесулерге себептеріміз көп болсын», — деп атап өтті Ш. Беркімбаева.
Шәмша Беркімбаева ғылым, білім саласындағы аса көрнекті қайраткер, ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің медальдарымен, Құрмет, грамоталарымен марапатталған Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері.