Bek Air ұшағы апатынан зардап шеккен балалар мен ересектердің қазіргі жағдайы қалыпты. Жақын күндері олар медициналық мекемелерден үйіне жіберіледі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте денсаулық сақту вице-министрі Олжас Әбішев мәлімдеді.
«Зардап шеккендердің бірін Нұр-Сұлтан қаласына санавиациямен алып келді. Себебі дәрігерлер консилиумда осындай шешімге келді. Оған травматология және ортопедия ғылыми зерттеу институтында ота жасалды. Айта кету керек, қазіргі таңда апаттан жапа шеккендердің жағдайы жақсы. Ешбіреуінде нашарлау болған емес. Жуық арада үйлеріне жіберілмек. Бүгінгі таңда олардың жағдайы қалыпты, дәрігерлердің жіті қарауында, өмірлеріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ», – деді ҚР Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Олжас ӘБІШЕВ.