Елорда тұрғындары үшін құжаттарды ауыстырудың қажеті жоқ
Астана қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Ақмарал Олжабаева қала тұрғындарына мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды.
«Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Өздеріңіз білетіндей, ел астанасының атауын Нұр-Сұлтаннан Астана етіп өзгерту туралы Мемлекет басшысының Жарлығы күшіне енді. Қалада маңдайшаларды, нұсқағыштарды, ақпараттық панноларды және басқаларын ауыстыру жұмысы жүріп жатыр. Құжат айналымы электронды форматта жүретінін ескере отырып, ақпараттық дерекқорларға тиісті өзгерістер енгізіледі. Сол сияқты әкімдіктің, басқармалардың ресми ресурстарында және ведомстволық бағынысты ұйымдардың сайттарында да деректер жаңартылады»,- деп жазды Ақмарал Олжабаева.
Оның айтуынша, маңдайшаларды, нұсқағыштарды ауыстыру, ақпаратты жаңарту және басқа жұмыстар жоспарлы түрде жүргізіле бермек.
Елорда тұрғындары үшін құжаттарды ауыстырудың қажеті жоқ, қолдану мерзімі аяқталған кезде өзгертіледі.