|
24.09.2019 | 16:02
5443

Қазақстанда оқушылар еден жууға дайын емес

Алматы мектептерінің әр қайсысында шамамен 15 еден жуушы, 5 аула сырыпушысы бар

Қазақстанда оқушылар еден жууға дайын емес

Тіпті, білім нысандарында оған мүлдем қолайлы жағдай жасалмаған. Ата-аналардың басым бөлігі бұл балалардың өзарасындағы әлімжеттікке алып келуі мүмкін дес-ті. Ал оқушылар тарапы талап қойылса ортақ болсын дегенді алға тартты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Барлық нәрсе тәрбиемен келуі керек. Мен қарсы емеспін. Бірақ біздің мектептер ескі», – деді бір ата-ана.

«Мен өзім еден жуушы болып істедім. Өте қиын. Балалардың еден жуғанына мен қарсымын», – деді келесі бірі.

«Көп нәрсені сылтауратуға болады. Денсаулық зиян, басқа деп. Бірақ, бәріне уақыт табуға болады», – деді енді бір ата-ана.

«Меніңше біз бұл жүйеден ұтылып қаламыз», – деді бір ата-ана.

«Еден жууға қарсы емеспін. Онда тұрған ешнәрсе жоқ», – деді ата-аналардың бірі.

«Онда бір сыныпта 40 бала оқиды. 840 бала бүкіл мектепті тазалауға кірісті. Әр сыныпты жууға 12 баладан жұмыс жасайды екен. Әрқайсысы өзінің шама-шарқына қарай жұмыс жасайды. Бүкіл дәліз, акт зал жуылып жатыр. Даладағы екі спорт залын да сыпырып жатыр. 840 бала бір сағатта бәрін жуып-шайып, түк болмағандай, тып-тыныш сабақтарына отыра қалды», – деді Қазақстан Педагогикалық ғылымдар академиясының президенті Асқарбек ҚҰСАЙЫНОВ.

Дәл сол сәтте көрерменен келіп түскен қоңырауда, онсызда ақсап тұрған білім сапасын көтермейінше, еден жуу жүйесіне қыруар қаржы шығындаудың қажеті жоқ дегенді алға тартты.

«Бізде ол нәрсе көптеген қиындықтар туындатады. Оқушыларды сабаққа қызықтырудың орнына біз олардың миын ашытатын осындай нәрселерді енгізгелі жатырмыз. Қазір балаларды оқуға қызықтырудың өзі мұң болып тұр ғой. Өйткені бағдарламалар өте ауыр. Сабақ уақытысы ұзақ. Біз мұндай нәрселерді енгізетін болсақ, балалар мектептен қашатын болады. Және әскердегігей  әлімжеттік болады», – деді бір ата-ана.

Еден жуудың арты ерегіске айналып кетпес үшін, оқушылар, талап бәрімізге тең қойылсын деп отыр.  

«Біз мектепке сабақ оқу үшін келеміз. Ал еден жуатын арнайы қызметкерлер бар», – деді бір оқушы.  

«Одан тұрған ешнәрсе жоқ. Мен қарсы емеспін», – деді келесі бірі.

«Мен басқарлар еден жумаса, қарсылық танытамын. Өйткені, талап бәріне ортақ болуы керек», – деді әділдікті талап еткен келесі оқушы.

Алматы мектептерінің әр қайсысында шамамен 15 еден жуушы, 5 аула сырыпушысы бар екен. Ертеңгі күні оқушылардың еңбегін пайдаланып кетудің соңы,  нәпақасын тазалық жұмыстарын жүргізіп тауып жүрген кісілердің жұмыссыз қалуына кері әсерін тигізуі мүмкін деген проблема да көтерілді. Ал білім беру нысанының шаруашылық жөніндегі жауапты мамандар баланың қауіпсіздігін мойнымызға алмаймыз деп кесіп айтты.

«Егер бала еден жуып жүріп, түрлі аллергиялық ауруларға шалдықса, мен жауапкершілікті өз мойныма ала аламаймын», – деді №138 гимназиясы директордың шаруашылық жөніндегі орынбасары Рауан АҚЖОЛОВА.

Студияда сөз жарыстырған қонақтардың бірі қайткенде де, еден жуып, намышыл ұрпақ тәрбиелеу мүмкін емес десе, екінші жақ, әуелі тәрбие сосын білім дегенді меңзеді. «Басты назарда» бағдарламасының келесі шығарылымында, күнделікті тұтынып жүрген ас-ауқаттың сапасы сөз етілмек. Тікелей эфир нөміріне хабарласып, шағымдарыңызды ашық айта аласыз.

Арнат Дүйсен, Әйгерім Ердәулет «Алматы» телеарнасы.  

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир