Ақтөбе қаласы Алматы аудандық прокуратурасы алиментті жымқырған «Қазпошта» операторының ісін әшкереледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Алимент өндіру ісінің заңдылығын тексерген прокурорлар аударылған ақшаның иесіне жетпегенін анықтады.
«Ақтөбе қалалық сотының 2017 жылғы шешімін орындаған әке екі баласына 70 мың теңге аударған. Алайда, ақшаны «Қазпошта» АҚ филиалының операторлары жарты жолдан жымқырып, өз қажетіне жұмсаған. Ақша аудару операциясын жүргізген оператор сол жолмен 6 адамның 400 мың теңгеден астам қаржысын алып қалған», - деп хабарлайды әлеуметтік желі арқылы Ақтөбе қаласы Алматы аудандық прокуроры Жасұлан Дәулембаев.
«Қазпошта»
АҚ филиалы ішкі тексеру жүргізіп, мән-жайды анықтаған соң полицияға арыз
түсірген. Дегенмен, полиция азаматтық-құқықтық істі тергеуден бас тартып,
мәселеге Алматы аудандық прокуратурасы араласты.
Тергеу кезінде ұрланған ақша иесіне толық қайтарылып, жәбірленуші мен күдікті
татуласты, іс жабылды.