Қазақстанның цифрлық жарнама нарығына жаңа тәсіл қажет

08.09.2023 21:02

Іс-шарада «Диджитал Джедай» марапаты да табысталды

Almaty.tv

Қазақстанның цифрлық жарнама нарығына жаңаша тәсіл қажет, деп хабарлайды Almaty.tv.

Өйткені, күн санап дамып жатқан виртуалды әлемде жаңа тренд пайда болуда. Ал әлемдік бәсекеде қалыс қалмай, экономикаға пайда әкелу үшін бұл саладағы маман санын арттыру – күн тәртібіндегі әуелгі мәселе. Осы және өзге түйткілдің шешімін іздеп, бас қосқан медиа-сарапшылар диджитал саладағы монетизация мен аналитика, тендер жайын талқыға салды.

Айта кету керек, іс-шарада көптен күткен «Диджитал Джедай»  марапаты да табысталды.

– Цифрлық әлемде Қазақстан алдыңғы қатардағы мемлекет. Біздің диджитал жарнамада да алар орнымыз бар. Бірақ әрі қарай дамымай қалуға болмайды. Адамдар ғаламторда сауда жасайды. Бұл жаңа бағытқа өтуімізге себеп болып тұр. Оны ұтымды пайдалану керек деп ойлаймын, – деді жеке компанияның жетекшісі Данияр Танаев.

– Бүгінгі спикерлер тамаша пікір білдірді. Олардың баяндамаларынан жаңа бағытқа қажет дүниені таптым. Әсіресе, компанияны инновациялық тәсілмен дамыту, жарнамада кейс қолдану маңызды болып тұр, – деді жеке компанияның жетекшісі Алексей Радиванович.

Оқи отырыңыз: Балаларға қандай екпе салу керек - дәрігер