Ондағы мақсат – Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқандарға тағзым етіп, жауынгерлердің қайсарлығын жас ұрпаққа насихаттап, отансүйгіштікке баулу, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Алатау» дәстүрлі өнер театрында өткен концертке келушілер алдымен театр фоесінде осындай соғыс жылдарындағы кешкі шағын көріністер күтіп алды. Иә, шын мәнінде мұндағы қарулар, ыдыс-аяқ пен музыкалық аспаптарды көргенде құдды бір сол заманға түскендей боласыз.
Мерекелік кеш елі үшін қасық қаны қалғанша күрескен қазақ сарбаздары туралы деректі фильмнен басталды. Мәскеуден Берлинге дейін жеткен Кеңес Одағының батыры Панфилов атындағы 8-гвардиялық мотоатқыштар дизиясының туын алып жүру эстафетасының негізгі міндеті - соғыста Отанын жанқиярлықпен қорғаған қазақстандық жауынгерлердің ерлігіне құрмет көрсету дейді Ұлттық Ұлан Қолбасшысының орынбасары.
«Бірінші, біз жастарға осындай тәрбиелі іс-шаралар өткізсек, олардың Қазақстанға деген патриоттық сезімін оятамыз. Ертең олар патриот болса, біздің «Мәңгілік ел» ұлттық идеямызды осы жастар орындайды», – дейді ҚР Ұлттық Ұлан бас қолбасшысының орынбасары, генерал-майор Мұхаметқали САТОВ.
Концертте көрермендердің басым бөлігі жастар болды. Себебі де түсінікті, оларға ой салып, елін сүюге, Отанын қорғауға баулу. Кештен алған әсеріміз өте жақсы дейді келушілер.
«Бүгінгі концерт өте тамаша өтті. Спикерлер өте жақсы сөйледі. Еліміздің патриоттары сөйлеген кезде менде өте жақсы мотивация аламын, шынымен де мен қазақ болып туғаныма мақтан тұтамын», – деді олардың бірі.
«Сол кісілерді біз әрдайым еске алып жүруіміз керек. Бүгінгі концертте жастарға сана сезімізге сондай әсер ой қалдырды», – деді келесі бірі.
Ішкі істер министрінің тапсырмасымен басталған «Біз – жеңістің мұрагеріміз» эстафетасы Алматы маңындағы бірнеше елді мекенді араласа, кейіннен елдің әр өңірінде болып, 5 мамыр күні Нұр-Сұлтанға жететін болады.
Арнат Дүйсен Нұржан Оразбеков «Алматы» телеарнасы