Қызылорда облысында әкімдер сайлауы өтіп жатыр

Сурет: Қызылорда облыстық сайлау комиссиясынан
Сурет: Қызылорда облыстық сайлау комиссиясынан
Барлығы 51 сайлау учаскесі құрылған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

10 желтоқсанда Қызылорда облысында аудандық маңызы бар 11 қала, кент, ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өтіп жатыр, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі inform.kz-ке сілтеме жасап.

Таңғы сағат 7.00-де учаскелерде дауыс беру басталды. Алғашқы келген тұрғындарға сыйлықтар үлестірілді. Барлығы 51 сайлау учаскесі құрылған. Онда жалпы саны 81 мыңнан астам сайлаушы бар.

Саяси маңызды шара Қызылорда қаласы, Арал, Қазалы, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандарына қарасты Арал, Қазалы қалалары, Әйтеке би, Тасбөгет кенттері, Талсуат, Қаратерең, Қамыстыбас, Майлыбас, Бесарық, Бестам, М.Нәлібаев ауылдық округтерінде өткізіліп жатыр.

Шиелі ауданының тұрғыны Сәнтай Байдарбеков 30 жылдан бері тұрақты түрде сайлау науқанынан қалмай келеді. Ол немересімен бірге №296 сайлау учаскесінде таңдауын жасады.

 - Халықтық істе әрдайым бірлік танытуымыз керек. Мен сайлаудан қалған емеспін. Себебі туған жерімнің  дамуына әрбір азамат ынталы болуы керек деп ойлаймын, - деді Шиелі ауданының тұрғыны Сәнтай Байдарбеков.

Айта кету керек сайлауда 32 азамат кандидат ретінде үміткер. Олардың 26-сы өзін-өзі ұсыну тәртібімен сайлауға түсіп жатыр.

Еске сала кетейік жыл басынан бері осы кезге дейін аймақта 26 ауыл әкімі сайланды.

Оқи отырыңыз: Ақтау жылусыз қалды: қала әкімі тұрғындардан кешірім сұрады

Новости партнеров