Талдықорған қаласындағы «Жастар» спорт сарайында БАҚ өкілдері арасында футзалдан белгілі журналист, қоғам қайраткері Бейсен Құранбекті еске алуға арналған турнир өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Qaz365.kz-ке сілтеме жасап.
Республикалық деңгейдегі жарыс осымен үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылды. Еліміздің бірнеше аймағынан келген командалар екі күн бойы сынға түсті.
Жарыс қорытынды бойынша Qaz365.kz командасы жеңіске жетті. Көк жиде киген жігіттер жартылай финалда «Жетісу» командасын 5:2, ал финалда «Қарекетті» 5:2 есебімен басым түсті.
Екінші орын жергілікті «Қарекетке» бұйырды. Үшінші орын Алматы журналистеріне бұйырды.
Турнирде төрт орынға жүлде беріледі. Сонымен қатар Бейсен Құранбекке өмірде аға болған, ұстаздық қылған белгілі спорт журналисі Сайын Тұрсынов пен телевизия ардагері Нұртілеу Иманғалиұлы атындағы арнайы сыйлық берілді.
Жарысқа Жетісу облысының әкімдігі, "Жетісу" телеарнасы, "Жетісу" газеті, Respublica партиясы, Janr әдеби клубы қолдау көрсетті.
- Бейсен аға тірі болғанда 52 жасқа толатын еді. Ол кісі дүние салғаннан кейін біз еске алу мақсатында осындай іс-шараны бастадық. Жыл сайын турнирдің деңгейі өсіп келеді. Ойыншылардың да деңгейі жақсарып жатыр. Футзалға қазақ журналистері төселіп қалды деп айтсақ болады, – деді турнирді ұйымдастырушы Есболат Айдабосын.
Оқи отырыңыз: Алматы әкімдігінде спортшыларға төлем сомасын ұлғайту ұсынылды
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!