Рейс кешіксе, әуе компания басшылығы жауапқа тартылуы мүмкін

Almaty.tv
Almaty.tv
Жаңа өзгеріс Мәжіліс қарауына ұсынылған заң жобасында талқыланып жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Әуе билеттерін сатып алу, қайтару талаптары өзгеруі мүмкін. Ал жоспарланған рейс кешіккен жағдайда әуе компаниясы айыппұл арқаламақ. Жаңа өзгеріс Мәжіліс қарауына ұсынылған заң жобасында талқыланып жатыр. деп хабарлайды Almaty.tv.

                           

«Тұтынушы туралы сөз қозғалғанда ең алдымен тіл мәселесіне назар аударған жөн». Осылай деп дабыл қаққан депутат Ринат Зайытов «заң жобасында бірінші кезекте өзгеруі тиіс тармақ осы болуы керек» деп қадап айтты. Мәжілісменнің айтуынша, қызмет әуелі мемлекеттік тілде көрсетілуі қажет.

– Мемлекеттік тілдің мәртебесі Ата заңнан басқа еш жерде анықталмаған. Сондықтан заңда нақты «кез келген орындаушы немесе сатушы бірінші кезекте мемлекеттік тілде қызмет көрсетуге міндетті» деп заңға жазу керек. Бір жерге барғанда неге өзге тілде қарсы алады, намысыма тиеді, – деді ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Ринат Зайытов.

Онлайн сауда кезінде де тұтынушылар сан соғып қалып жатыр. Сауда және интеграция министрінің дерегіне сүйенсек, былтыр 7000-нан аса адам шағым айтқан. Көрсеткіш жыл санап артпаса, кемімей тұр. Мәселені мәжілісмен Нартай Сәрсенғалиев те көтерді. Халық қалаулысы елдегі банк жүйесі қызметіндегі олқылықтарды өзгертудің уақыты келгенін айтты.

– Отандық банктерге, олардың қосымшасына сене алмасақ, тиісті заң тұтынушы құқығын қорғай алмайтын болса, банктердің керегі бар ма, жоқ па? – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нартай Сәрсенғалиев.

Заң жобасында жаңашылдық та жоқ емес. Енді қайтарылмайтын тауарлар тізімінен медициналық бұйымдар, ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары алынды. Әуе билеттері 100 пайыз қайтарылмайды деген ұғым да өзгерді. Әуе компаниясы азаматтарға кемінде 70-80 пайыз құнын қайтаруы тиіс. Ал несиеге сатып алынған тауарларды белгілі бір мерзімде қайтаруға болады.

Кәмшат Мұхамеджан, Данияр Омар, Дастан Темірбекұлы, «Алматы» телеарнасы

Оқи отырыңыз: Жұмысшы өлімі: Ақмола облысындағы кәсіпорындардың бірінде тексеріс басталды

Новости партнеров