Наурызбай ауданына қарасты «Бақытты отбасы» орталығы аналарды мерейлі мерекемен құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Кешке батыр аналар шақырылды. Бүгінде Наурызбай ауданында 2500 көпбалалы ана бар. Оның 70-і жеті баланы дүниеге әкелген алтын алқа иелері. Концерттік бағдарламаға эстрада жұлдыздары арнайы келіп, әннен шашу шашты.
«Бүгін енді бізде көктем келді. Көктеммен бірге аналардың көктем мерекесі де келеді. Бір күн баладан демалсыншы деп, балалардан қолдары босасыншы деп, аналарымыз бүгін мейрам екенін, өзінің ана екенін сезінсін деп, аналар мерекесімен бастап отырмыз. Бұл мереке өз жалғасын таба береді», – деді Наурызбай аудандық «Бақытты отбасы» орталығының үйлестірушісі Нағигүл БИСЕНБИНА.
«Бақытты отбасына өте көп-көп рахметімізді айтамыз. Менің 4 ұл, 3 қызым бар. 4-еуі футболға барады. Осы «Бақытты отбасының» арқасында күреске барады. Өзім шаштаразды осы «Бақытты отбасы» орталығынан оқыдым. Көптеген көмек алып жатырмыз», – деді көпбалалы ана Марал ТУШАЕВА.