|
14.09.2022 | 16:05
595

Халықпен біте қайнасқан мемлекеттік қызметкер әрқашан әдеп сақтауы тиіс – Бақыт Омаров

Алматыдағы тексеру комиссиясында қазір 40-қа жуық қызметкер бар

Халықпен біте қайнасқан мемлекеттік қызметкер әрқашан әдеп сақтауы тиіс – Бақыт Омаров Almaty.tv

Халықпен біте қайнасқан мемлекеттік қызметкер әрқашан әдеп сақтауы тиіс. Бүгін Алматы қаласының тексеру комиссиясындағы Әдеп жөніндегі уәкіл тапсырылған міндетті орындап, әріптестеріне ережелерді тағы бір мәрте еске салды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мемлекеттік қызметкерлер арасында  әдеп нормалары және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ережелерді бұзбау үшін түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Алматыдағы тексеру комиссиясында қазір 40-қа жуық қызметкер бар. Бүгінге дейін олардан ешбір заңбұзушылық анықталмапты. Егер олқылықтар табылса, тиісті шара қолданылады.

«Тоқсан сайын мемлекеттік қызметкерлер арасында әдеп жөніндегі нормалардың сақталуы бойынша бізде мониторинг жүргізіліп отырады. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметкердің әдеп нормасын сақтау бойынша әлеуметтік желілерді талдау жүргізіп, кемшіліктер анықталған жағдайда тиісті шаралар қолданылады. Тоқсан сайын мемлекеттік уәкілетті органның бекітілген нысан бойынша жасырын түрінде сауалнама жүргізіледі», – деді Алматы қаласы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі - Әдеп жөніндегі уәкілі Бақыт Омаров.  

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир