Тоқаевқа хат: Президентке жазған елордалық оқушының арманы орындалды

elements.envato.com
elements.envato.com
Мемлекет басшысының тілегі жазылған кітапты сыйлыққа алды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астаналық 12 жастағы Кемел Жүсіповке Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан сыйлық табыс етілді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

- Президенттен сыйлық алдым. Хатымды оқыпты. Туған күніме өзім қалағандай, Президенттің қолтаңбасымен тілегі бар кітапты сыйлыққа алдым. Менің арманым орындалды. Әлі сене алар емеспін. Көп рақмет Сізге!, - деп жазды елордалық оқушы бала Instagram-дағы парақшасына видео да жүктей отырып.

Баланың айтуынша 21 желтоқсанда анасымен бірге Президент Әкімшілігіне шақырылып, сыйлыққа кітап алған.

- Кемел Жүсіповке өмірде ақ жол тілейміз! Азамат бол!, - деп жазған Мемлекет басшысы.

Айта кетсек 12 жастағы елордалық оқушы алдында Президентке жазған хатын әлеуметтік желіде жариялаған. Хат мәтіні - орысша.

- Құрметті, Қасым-Жомарт Кемелұлы, менің атым сіздің әкеңіздің атындай - Кемел. Бүгін менің туған күнім әрі осыдан тура 12 жыл бұрын ата-анам маған осы есімді қойған, - деп басталатын хатта 12 жастағы бала саяхаттауды жақсы көретінін, Президентпен жүздесіп, сөйлесіп, ол кісінің "Әке туралы ой-толғау" кітабын сыйлыққа алуды армандайтынын жазған.

Оқи отырыңыз: Өскемен тұрғындары енді Аяз атаның үйіне қонаққа бара алады

Новости партнеров