Алматыда кәсіпорындарды іске қосудың 3-кезеңі басталды

Almaty.tv
Almaty.tv
Aзық-түлік емес және ойын-сауық орталығынан бөлек тұрған дүкендер ауданы 500 шаршы метрден аспайтын болса кешкі сағат 17.00-ге дейін келушілерді қабылдауға болады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгіннен бастап Алматыда кәсіпорындарды іске қосудың 3-кезеңі басталды. Тиісінше барлық мекемелер алдымен қалалық бас санитар бекіткен қаулыдағы эпидемиялогилық талаптарды орындауы қажет және  infoalmaty.kz сайтына өтініш қалдыру керек, деп хабарлайды Almaty.tv  тілшісі.

Осыдан кейін арнайы жұмыс тобы аудит жүргізеді. Егер барлық талаптар орындалса, рұқсат береді. 3-кезеңде  41 мыңнан астам адам жұмысқа қайта кіріспек. 

Қалада кәсіпорындарды іске қосудың 3-кезеңі мақұлданды деген хабарды естіген барлық сән салондары бірден дайындық жұмысын бастады. Себебі іске кірісу үшін мекеме барлық санитарлық эпидемиялогиялық талаптарға сай болуы керек. Оның үстіне мыңдаған адам жұмыссыз қалып, тұрақты табысынан айырылған болатын. Аудиттен аман өткен мына шаштараз жұмысын бүгін бастады. 

«Біз ашылуға болатын деген хабарландыруды естігенде бірден жұмыс орындарын талапқа сай етіп әзірледік. Біз үшін қызметкерлеріміз бен келуішілеріміздің денсаулығы бірінші орында. Шашын қалыпқа келтіргісі келетіндерді  тек алдын-ала жазылу бойынша қабылдап жатырмыз және оларға бетпердесіз қабылдамаймыз деп бірден ескертеміз»,  –  деді  шаштараз директоры Руслан КАЯЕВ.

Одан өзге мына гүл сататын дүкен де жұмысын қайта жандандырғандардың бірі. Мұнда сатып алушылар міндетті түрде бетпердемен келуі қажет және кіреберісте орнатылған антисептикпен қолдарын сүртуі тиіс. Көптен бері есігіне қара құлып салынған бұл дүкен бүгін есігін айқара ашты.   

«Біз әзірге жұмыс уақытын әдеттегіден қысқарттық. Яғни, дүкен таңертеңгі 10-00 ден кешкі 17-00 ге дейін ашық. Одан өзге, дүкен қауіпті індетке қарсы құралдармен жабдықталған. Әрине, екі айға жуық уақыт жабық тұрған біздің дүкен біраз шығынға ұшырады. Дер кезінде шара қолданылып жатқанына қуаныштымыз», –  деді  флорист Әйгерім АЙСАПАРОВА.

Ал, 3-кезеңде кімдер жұмысқа кірісе алады? Олар шаштараз алдын-ала жазылу бойынша, фотосалон мен гүл сататын дүкендер, жылжымайтын мүлікпен қызмет көрсететін компаниялар, айырбастау пункттері. Сондай-ақ, қызмет көрсету саласында аяқ киімді жөндеу, химиялық тазалау орындары және баспаханалар жұмысын бастай алады. Ал, азық-түлік емес және ойын-сауық орталығынан бөлек тұрған дүкендер ауданы 500 шаршы метрден аспайтын  болса, кешкі сағат 17.00-ге дейін келушілерді қабылдауға болады.

Арнат Дүйсен, Арсен Сандыбаев, «Алматы» арнасы

Новости партнеров