|
15.04.2021 | 16:06
2467

Қайыңды көлінде матраста жатқан қыз эколог Сәкен Ділдахметті сотқа беретінін айтты

Қайыңды көлінің ортасында матраста тынығып жатқан Карина Муфтахтинова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы қазақстандықтарға үндеу тастады

Қайыңды көлінде матраста жатқан қыз эколог Сәкен Ділдахметті сотқа беретінін айтты aikyn.kz

Алматы облысындағы Қайыңды көлінде түсірілген бейнероликтен туындаған шу әлі тоқтар емес. Қайыңды көлінің ортасында матраста тынығып жатқан Карина Муфтахтинова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы қазақстандықтарға үндеу тастады. Ол осы оқиғаны сынға алған белгілі эколог Сәкен Ділдахметті сотқа беретінін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Aikyn.kz-ге сілтеме жасап.

«Жаңа ғана Сәкен Ділдахметтің фейсбуктегі парақшасына кіріп, оның Экология министрлігіне жазған өтінішін оқыдым. Онда ол біздің еңбегімізді циркке теңеп, «Brazzers жігіттерін шақырсақ қайтеді?» деп жазыпты. Алайда мен Brazzers секілді пабликтерге кірмеймін. Сөйтсем, бұл порносайт екен. Бұл сөзі арқылы ол менің ар-ожданымды таптады», – деді Карина Муфтахтинова.

Видеоүндеу соңында ол Сәкен Ділдахметпен сотта жолығатынын айтты.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир