Осыдан 35 жыл бұрын, яғни 1989 жылғы 20 мамырда Алматы қаласы тарихында ірі техногендік сипаттағы апат болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Алматы-2» теміржол вокзалының кіреберіс жолдарында екі маневрлік тепловоздар соқтығысқан, соқтығыс салдарынан газ толтырылған 6 цистернаның 1-уі зақымдалып отқа оранып, жалындаған өрт екінші цистернаны қыздырып жібереді. Қатты қызу салдарынан жойқын газ жарылысы болды. 300 метрге дейін көтерілген өртті шар маңайын түгелдей шарпып кеткен.
Өрт сөндірушілер батырлығы мен батылдығының арқасында жеке құрамдағы қайтара алмайтын шығындарға қарамастан, газ толтырылған төрт цистернаны қауіпсіз жерге апарып, оқиға болған жерге жақын орналасқан үй-жайларды өрттен қорғап, қаламыздың көптеген азаматының өмірін сақтап қалды. Өрт сөндірушілердің жанқиярлығы, табандылығы, батылдығы мен кәсіпқойлығы өртті жеңіп шықты.
Алайда бұл жеңіс оңайлықпен келмеді – тілсіз жаудан 9 өрт сөндіруші күйік салдарынан қайтыс болды, олар өздерінің кәсіби міндеттерін мүлтіксіз орындады.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен жойқын өртті сөндіру кезіндегі жанқиярлық әрекеттері, батылдығы мен ерлігі үшін батырлар: Ильшат Сафарғалиев, Расул Қасымов, Сейіл Әлімтаев, Ислам Абдранов, Фрид Шәріпов, Құралхан Аққулов, Еркін Ысқақов, Владимир Никуленко және және Михаил Маликовке қайтыс болғаннан кейін Қызыл Жұлдыз ордені берілді.
Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінде қалыптасқан дәстүр бойынша жыл сайын 20 мамырда «Алматы-2» теміржол вокзалының кірме теміржолдарындағы өртті сөндіру кезінде қаза болған өрт сөндірушілерді еске алу құрметіне арналған шарада жаңадан жұмысқа қабылданған өрт сөндіруші-құтқарушылар салтанатты түрде ант қабылдайды.
Биыл Алматы гарнизонының 100-ден аса жас қызметкері ант қабылдады.
Салтанатты рәсімді Алматы қаласы ТЖД бастығы полковник Нұрлан Атығаев ашты. Өрт сөндіру қызметінің құрметті ардагері якупов Иляс Хисмятұлы құттықтау сөзін азаматтық қорғау қатарына қосылған жас қызметкерлерге арнады. Құрбан болғандардың рухына бір минуттық үнсіздік жарияланды.
Іс-шараға өртке қарсы қызмет ардагерлері, сондай-ақ, қаза болған өрт сөндірушілердің балалары мен туыстары қатысты.
Қаза болған өрт сөндіруші батырлардың жасаған ерліктері Алматы гарнизонының өрт-құтқарушылары үшін мәңгілік қызмет көрсету үлгісі болып қала береді.